Манап Көкеновтің туылғанына биыл 95 жыл

17.05.2023 Выкл. Автор editor
Манап Көкеновтің туылғанына биыл 95 жыл

17 мамыр күні жүз жылда бір туатын, дәуірдің дарабоз тұлғасы, суырып салма ақындық дәстүрді жалғастырушы, өзіндік ою-өрнегімен байытушы тарлан талант иесі — Манап Көкеновтің туылғанына биыл 95 жыл.

Осы орайда, аудандық балалар кітапханасымен №163 орта мектеп кітапханасының бірлесуімен «Айтыстың актаңгері» атты әдеби кеші өткізілді.

Мақсаты: Манап Көкеновтың шығармалары, ақындық қасиетін өскелең ұрпаққа таныту.

Шара барысында кітапханашы ақынның өмірімен, шығармашылығына мағлұматтар берді. Оқушылар ақынның «Отаным — менің мақтанышым», «Қазақстан», «Ана тіл — күшің, қуатың», «Асыл адам», «Еңбек тойы» атты өлеңдері оқылып, «Анамның тілі», «Бақыт құшағында» атты әндері мен күйлері орындалды. Сондай-ақ оқушылар орыстың суырып салма ақыны А.В. Урин мен М.Көкеновтің айтысынан үзінді көрсетті.

Аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы М.Бибасарова «Манап ақынның мұрасы» атты көрмесіне библиографиялық шолу жасады.