«Оралу» шығармасын оқырмандар арасында талдау

17.05.2023 Выкл. Автор editor
«Оралу» шығармасын оқырмандар арасында талдау

Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 17 мамыр күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында  жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің «Оралу» шығармасын оқырмандар арасында талдау өткізілді.

Мақсаты: Ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, рухани мұрамызды сақтау, жастарға рухани – адамгершілік және патриоттық тәрбие беру. Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Кітапханашы А.Көшербаев оқырмандарға биылғы 2023 жыл «Бір ел – бір кітап» акциясына жазушы Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу ұсынылғаны жөнінде айтып, жазушының өмірбаяны мен шығармалары жайлы қысқаша баяндама жасап, «Қазақ прозасының пырағы» атты кітап көрмесімен таныстырды. Шараға Ә.Әбутәліпов атындағы № 209 орта мектептің мұғалімдері мен 8а сынып оқушылары, Түгіскен балалар өнер мектебінің мұғалімдері мен жастар маманы мен мекеме қызметкерлері қатысты.                                                                                                                          Оқырмандар жазушының «Оралу» хикаятындағы басты кейіпкерлер Әбдікәрім мен Бәтима жайлы 8 сынып оқушысы Абуталипова Мөлдір керемет әңгімелеп берді. Шығармада соғыс жылдарындағы олардың балалық шағы, сол кездегі ауылдағы ауыртпалық әйелдер мен балаларға, соғыстан жараланған азаматтарға түсті. Басты кейіпкер Әбдікәрімнің ата-анасынан ерте айырылып, әпкесі мен жездесінің қолында тәрбиеленгені, мектепке барғаны жөнінде 8 сынып оқушысі Бейбітқызы Іңкәр өзінің алған әсерімен бөлісті.