«Жүрегі жырдан жаралған — Манап ақын» атты өнер сағат

17.05.2023 Выкл. Автор editor
«Жүрегі жырдан жаралған — Манап ақын» атты өнер сағат

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен мамыр айының 17-сі күні Халық ақыны Манап Көкеновтің туғанына 95 жыл толуына орай «Жүрегі жырдан жаралған — Манап ақын» атты өнер сағаты өткізілді.

Мақсаты: Манап Көкеновтың шығармаларын, ақындық қасиетін өскелең ұрпаққа таныту. Манап Көкенов өмірімен таныстыру. Ақынның өлеңдерінің өзіндік табиғатын даралай, саралай отырып өзгешелігіне көңіл бөлу, өлеңді мәнерлеп, жатқа оқуға дағдыландыру, отаншылдыққа, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Шарада оқырмандарға ақыны Манап Көкеновтің өмір жолы, шығармашылығы, ақындық өнері жайында мағұлматтар берілді. Кітапханашы Манап Көкеновқа арналған кітап көрмесіне шолу жасады. Ақынның өмірбаяны туралы сұрақтар қойылып, оқырмандар белсенді жауап берді. Сондай-ақ оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды.