«Ұлттың әдебиет айнасы атты әдеби сағат

18.05.2023 Выкл. Автор editor
«Ұлттың әдебиет айнасы атты әдеби сағат

18 мамыр күні Қожамберді ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында  жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жыл толуына байланысты «Ұлттың әдебиет айнасы атты әдеби сағат өткізілді.

Мақсаты: Оралхан Бөкейдің шығармаларының ерекшелігімен таныстыру. Қазақ әдебиетіндегі орны бөлек шығармалары жайлы түсінік беру. 

Шара барысында кітапханашы С.Мұстапаева оқушыларға жазушы жайлы мағұлмат беріп, кітаптарымен таныстырды. Оқушылар жазушының «Тортай мінер ақ боз ат» атты әңгімесін талқылады. Оралхан Бөкей тұтас ұлтты сұлулыққа, адамдыққа, жақсылыққа тәрбиелейді. Оның ізгілікке құштар қуатты қаламынан туған мәңгі өшпес шығармалары қалың оқырманның рухани досына айналып, бағыт бағдаршысы болған. О.Бокей –публицискика, позия, проза жанрларын әдемі тоғыстарған, қазақ әдебиетінің жаңашыл дара жазушы.