«Қазақ сахарасының перзенті — Бейбарыс» атты әңгімелер керуені

18.05.2023 Выкл. Автор editor
«Қазақ сахарасының перзенті — Бейбарыс» атты әңгімелер керуені

18 мамыр күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының тумасы Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына орай  «Қазақ сахарасының перзенті — Бейбарыс» атты әңгімелер керуені өткізілді.

Мақсаты: Сұлтан Бейбарыстың ерлігін, батылдығын, табандылығын насихаттау, тарихи деректермен бөлісу.  Ата бабаларымыз сияқты еш бір қиыншылықтан қашпай, өзіне деген сенімін арттырып, өмір жолында кездсетін әр сынақты жеңіп өту.

Шара барысында кітапханашы Ж.Тулешова Бейбарыс Сұлтанның жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихында аса ғажайып тұлға екендігін және оның құлдыққа қалай түскендігі туралы мәлімет берді.

Шара соңында оқырмандар биік тұлға, Бейбарыс Сұлтан  және оның ерліктері туралы ойларын ортаға салды.