«Әкешім асқар тауым» атты кітап көрмесі
16.06.2023Үкімет қаулысына сәйкес биылдан бастап Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің «Әкелер күні» мерекелерімен толықты. Осы мерекеге орай Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы 16 маусым күні «Әкешім асқар тауым» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғындыру, әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әкені пір тұтуға, үлкендерді сыйлауға үйрету.
Кітап көрмесінге Ж.Әубәкірованың «Әкеге арнау», Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала», Д.Аяшұлының «Әке перзент жүрегінде өлмейді», Қ.Әлімқұловтың «Әкемнің әлемі» атты кітаптары қойылды. Кітапханашы Ж.Ибраимова аталған шарада әкелер күні жайлы қысқаша айтып өтіп, отбасындағы әке мен бала үндестігі, бала бойындағы асыл қасиеттердің қалыптасуы, әке жылуы, әке алақанының маңыздылығын аталып өтті.