«Оқы және өзгеге ұсын» атты буккроссинг

18.08.2023 Выкл. Автор editor
«Оқы және өзгеге ұсын» атты буккроссинг

2023 жылдың 18 тамыз күні  Жаңақорған ауданы  Кейден ауылдық кітапханасында «Оқы және өзгеге ұсын» атты буккроссинг ұйымдастырылды.

Мақсаты: Кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру. Негізгі идеясы — өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қозғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатады тиімді жолы ретінде өзінің қызықты оқыған кітабын балалар достарымен бөліседі. Келесі оқырман өздеріне ұнаған кітаптарға алмасып алады. Іс-шара  барысында кітапханашы «Оқы және өзгеге ұсын» кітап көрмесі арқылы әрбір  оқырман ұнаған кітабын таңдап, кейін досына, танысына, кітапсүйер оқырманға ұсынуға болатыны туралы жеткізілді. Сондай-ақ, ұсынылып отырған кітаптардың өздерінің оқыған кітаптарымен пікір алмасып, өзара алмасты. Әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары неміс жазушысы петр Хэртлин үлкендер мен қатар балалар үшін де тартып жүрген жазушының кітаптарын  өзгелерге оқуға ұсынылды.