«Мысырды билеген Сұлтан» тақырыбында тарихи – танымдық кеш

17.08.2023 Выкл. Автор editor
«Мысырды билеген Сұлтан» тақырыбында тарихи – танымдық кеш

Түгіскен ауылдық кітапхансының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 17 тамыз күні  қазақ батыры Бейбарыс Сұлтанның туғанына 800 жыл толуына орай «Мысырды билеген Сұлтан» тақырыбында тарихи – танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Айбынды қолбасшы, дара батыр, өз ұлтының адал ұлы Сұлтан Бейбарыстың өмір жолы туралы оқырман қауымға кеңінен насихаттау. Ата – бабаларымыздың ерлігін үлгі ете отырып, жастарды  отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, Египетті билеген төртінші сұлтан Сұлтан Бейбарыс өмірі жайлы қысқаша баяндама жасап, қарапайым құлдан мемлекет билеушісіне дейін көтерілген Сұлтан Бейбарыстың ерлік жолында жеткен жетістіктері жайлы қызықты ақпараттар айтты. Кітапхана оқырманы М.Жексенбаев пен А.Қыдыровалар Бейбарыс Сұлтанның жаулармен шайқастағы ерлігі жайлы айтып, кинодан көрген бір бөлек, кітаптан оқыған бір бөлек екен деген пікірлерін айтып өтті. Сондай-ақ кітапханашы А.Көшербаев оқырмандарға «Мысырды билеген Сұлтан» тақырыбындағы кітап көрмесімен таныстырды. Кітап көрмесіне Қ.Сәкидің «Сұлтан Бейбарыс», Т.Жұртбайдың «Дулыға», «Қазақстан тарихы», «Тарихи тұлғалар», «Алтын Орда: қазақ хандығы», «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» атты кітаптар мен фотосуреттер қойылды.