Қазақстан халқы Ассамблеясының Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы орны мен елдегі этносаралық қатынастардың ахуалын түсіндіру мақсатында кездесу
04.08.20232023 жылдың 4 тамызында Жаңақорған аудандық кітапханасының мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми сарапшылық тобының мүшелері Омаров Дәулет Кәрібайұлы, Сахиев Саулет Ерназарұлы және Үсенбаев Бауыржан Серікұлының қатысуымен ҚР Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен II Құрылтайда көтерілген мәселелерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының Жаңа Қазақстанды қалыптастырудағы орны мен елдегі этносаралық қатынастардың ахуалын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Кездесуге ақсақалдар, дін өкілдері, жастар, этнос және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесудің аяғы пікір алмасумен жалғасты.