«Әке» прозасына талдау

24.08.2023 Выкл. Автор editor
«Әке» прозасына талдау

2023 жылдың тамыз айының 24-і күні Машбек ауылдық кітапханасында «Бір ел –бір кітап» акциясына орай жазушы Т.Әбдіктің «Талғамы биік қаламгер» атты тақырыпта кітап көрмесі мен «Әке» прозасына талдау ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқырманға ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағыттау.

Шара барысында кітапханашы арнайы дайындаған кітап көрмесімен таныстырып жазушының өмірбаяны мен  шығармаларына тоқталып,  оқушылар «Әке» прозасын  жан-жақты талқылап, өз ой пікірлерін ортаға салды.