Қалдыбаевтар жанұясымен кездесу кеші

13.09.2023 Выкл. Автор editor
Қалдыбаевтар жанұясымен кездесу кеші

Жаңақорған ауданы №1 кенттік кітапханасының және «Арман мәдениет үйінің» ұйымдастыруымен 13 қыркүйек Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы — өмір аясы» атты ауданымыздағы  үлгілі отбасы Қалдыбаевтар жанұясымен кездесу кеші өткізілді.

Мақсаты: отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту. Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Кешті «Арман  мәдениет үйінің» директоры К.Әбілтанова ашып беріп, шараға мәдениет саласының ардагері Қалдыбаев Алмас көкеміз бен Сабира анамыз қонақта болып, өткен өмірінен және отбасы құндылықтары жайлы әңгімелеп берді. Кештің шырайын  мың бұралған «Шашу би» тобы мен Ә.Ерболқызы «Ақ тілек» әнін тарту етті. Кітапханашы Ұ.Иманбаева «Менің жанұям – менің мемлекетім» атты кітап көрмесіне шолу жасап, келген қонақтарға алғысын білдірді.