«Балалар жанының бағбаны» поэзия кеші
09.11.20232023 жылдың 9 қарашасы күні Бесарық ауылдық кітапханасында «Балалар жанының бағбаны» атты поэзия кеші өткізілді. Мақсаты: көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуын атап өтіп, ақынның өміржолы мен шығармашылығынан мәлімет беру, балаларға арналған өлеңдерін оқырмандарға насихаттау.
Кітапханада «Балалардың сүйікті ақыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Клуб сахнасы тақырыпқа сай безендіріліп, ақын туралы бейнеролик көрсетілді. Шара барысында жүргізуші поэзия кешін ашып, ақынның өмір жолы мен шығармашылығын таныстырды. Содан соң оқырмандар «Қартаймайсың, жан ана», «Құмашқа хат», «Ақ бауырсақ», «Ақын», «Кешіріңдер, аналар, кешіріңдер», «Қандай қымбат», «Әжелердің әжесі» т.б. бірнеше өлеңдерің мәнерлеп жатқа айтты. Ақынның сөзіне жазылған «Маралдым» және «Мұғалім ол біздің» атты әндерің клуб үйірме мүшелері орындады. Кеш соңында осы кешті ұйымдастырушылар кітапханашы және үйірме жетекшілері белсене қатысқан оқушыларды алғыс хат және сыйлықтармен марапаттады.