«Сыр елінің саңлақ ұлы» атты әдеби кеш

08.02.2024 Выкл. Автор editor
«Сыр елінің саңлақ ұлы» атты әдеби кеш

2024 жылдың 8 ақпан күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен кітапхананың  тұрақты оқырмандарының қытысуымен Қазақстаның халық жазушысы, драматург, әдебиет зерттеушісі Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Сыр елінің саңлақ ұлы» атты әдеби кеш болып өтті.

Мақсаты: Әбділда Тәжібаевтың жерді құрметтеу, халқына, ана тіліне, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында жазылған өлеңдері арқылы оқырмандарды ұлттық намыс, жігерлікке тәрбилеу.

Шара барысында кітапханашы ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оқушылар ақынның өлеңдерін оқып,  «Сырдария», «Құлыншағым» әндері орындалды.