«Саз әлеміндегі жарық жұлдыз» атты өнер сағаты

13.03.2024 Выкл. Автор editor
«Саз әлеміндегі жарық жұлдыз» атты өнер сағаты

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен және «Ғасыр» қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен наурыз айының 13-і күні  Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, сазгер Бексұлтан Байкенжеевтің туғанына 75 жыл толуына орай  «Саз әлеміндегі жарық жұлдыз» атты өнер сағаты, кітап көрмесі өткізілді. Мақсаты:Сыр өңірінің тума таланты, өнер саңлағы Бексұлтан Байкенжеевтің өмір жолы мен таныстыра отырып әндері жайлы айту, ақын – сазгердің өнерін насихаттау. Оқушылардың ой — өрісін дамыту, шығармашылыққа, әнге деген құштарлықтарын арттыру. Өнерді құрметтеуге баулу.

Шара барысында оқырмандарға мәдениет қайраткері, сазгер, әнші Бексұлтан Байкенжеевтің өмірбаяны жайында мәліметтер берілді. Шығармашылығы, әндері, жеткен жетістіктері, гастрольдік сапарларына  кеңінен шолу жасалды. Оқушылар өнер туралы өзара пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап берді. Бексұлтан Байкенжеев жайында кітап көрмесіне шолу жасалды.