«Жүрегі жырдан жаралған — Манап ақын» атты әдеби кеш

12.03.2024 Выкл. Автор editor
«Жүрегі жырдан жаралған — Манап ақын» атты әдеби кеш

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасында «Адал адам» мәдени- тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем ВООК» жобасы аясында наурыз айының 12-сі күні ақыны Манап Көкеновтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Жүрегі жырдан жаралған — Манап ақын» атты әдеби кеш өтікізілді. Мақсаты: Халық ақыны Манап Көкеновтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. Ақындық қасиетін өскелең ұрпаққа таныту. Өлеңдерін, айтыстарын сүйсініп, қызығып оқуға тәрбиелеу.

Шара барысында оқырмандарға ақиық ақын Манап Көкеновтың өмірбаяны жайында мәліметтер беріліп, шығармашылығы және жеткен жетістіктеріне кеңінен шолу жасалды. Ақындық өнер туралы өзара пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап берді.