Ғұмырдың тысы мен астары

14.03.2024 Выкл. Автор editor
Ғұмырдың тысы мен астары

Түгіскен ауылдық кітапханасында 2024 жылдың 14 наурыз күні клуб, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәден – тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем — Book» жобасы аясында ардагер ұстаз, бірнеше кітаптың авторы Ермахан Төрехожаұлының «Ғұмырдың тысы мен астары» шығармасын оқырмандар арасында талдау өткізілді. Мақсаты : Жерлес ақын – жазушылардың өмір жолы мен шығармаларын оқырмандарға, жас ұрпаққа кеңінен насихаттау. Ермахан Төрехожаұлының ұрпақ тәрбиелеу, имандылық жолындағы еңбектері жайлы мәлімет беру арқылы адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Шараны кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, оқырмандарға жазушы, ардагер ұстаз Ермахан Төрехожаұлының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы мәліметтер беріп, «Қарымды қаламгер» атты кітап көрмесімен таныстырды. Оқырмандар шығармада жазушының өзінің балалық кезден бастап, өзінің жүріп өткен жолдары, атқарған жұмыстары, әсіресе математика пәнінен сабақ беріп, көптеген жыл ұстаздық еткені жайлы, жайлы айтып, кітапханашы қойған сұрақтарға жауап берп, «Ғұмырдың жаңа қалтарыстары», «Бұралаңды ғұмыр жолдары және имандылық туралы» әңгімелері жайлы клуб қызметкерлері М.Жексенбаев, А.Көптілеуовалар қызықты әңгімелеп берді. Шараға 20 адам қатысты.