«Поэзия падишасы — Фариза» атты әдеби-сазды жыр кеші

14.03.2024 Выкл. Автор editor
«Поэзия  падишасы  —  Фариза» атты әдеби-сазды жыр кеші

Сунақата   ауылдық   кітапханасында   14 наурыз күні  Қазақстанның халық жазушысы, ақын  Фариза  Оңғарсынованың  85 жылдығына арналған «Поэзия  падишасы  —  Фариза» атты әдеби-сазды жыр кеші болып  өтті. Кітапханашы   Р.Сәдірбаева  ақынның   өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқталды.

Кеш  барысында   кітапхана оқырмандары  ақынның өлеңдерін оқыса, әншілер ақынның  өлеңіне жазылған әндерін орындап, кітапханашы «Поэзия  падишасы» атты кітап көрмесімен таныстырылды.