«Жыр атасы — Ілияс» атты әңгіме сағаты

14.03.2024 Выкл. Автор editor
«Жыр атасы — Ілияс» атты әңгіме сағаты

2024 жылдың 14 наурыз Жаңақорған ауданы, Кейден ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени — тәрбие орталығының тұжырымдамасының «Әлем- ВООК» жобасы аясында, ақын Ілияс Жансүгіровтың 130 жылдығына орай «Жыр атасы — Ілияс» атты әңгіме сағаты өтті. Мақсаты: Ілияс Жансүгіровтың қазақ әдебиетін ілгері дамытып, байыта түскен асыл қазына, мол мұра болып табылатын, терең ой мен сырлы сезімге толы лирикалық өлеңдерін, өмір жолы мен шығармаларын насихаттау. Шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндап, оқушылар өз-ой пікірлерін ортаға салды.