«Қазақтың дара жазушысы» атты әдеби круиз

10.02.2024 Выкл. Автор editor
«Қазақтың дара жазушысы» атты  әдеби круиз

2024 жылдың 10 ақпан күні «Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы аясында балалар әдебиетінің классигі, 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығынан Бірлік ауылдық кітапханасында «Ұшқын» кітап оқушылар клубының ұйымдастыруымен «Қазақтың дара жазушысы» атты  әдеби круиз өткізілді. Мақсаты:  Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып ой — өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу,көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.

Іс-шарада қарымды қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығарма­шылығы жайлы арнайы дайын­­дал­ған «Жазушы келбеті» атты презентацияға шолу жасалды. Кітапхананың тұрақты оқырманы, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ә.Әділханов жазушының тағдыры жайлы айтып өтіп, «Өлгендер қайтып келмейді » атты шығармасы жайлы кеңірек мағлұмат берді. А.Болатбекқызы «Балалық шаққа саяхат» кітабы жайлы өз ойын ортаға салды. Шара барысында «Менің атым қожа» кітабы жайлы ой өрбіп, «Жекпе — жек» повесі талқыланды. Оқырмандар шығарманың кейіпкерлеріне талдау жасап, өз пікірлерімен бөлісті. Әдеби круиз қатысушылары іс-шарадан ерекше әсер алып қайтты.