Жазушы Ілияс Жансүгіровтың туылғанына 130 жыл толуына орай «Құлагер» поэмасынан талдау
15.03.20242024 жылы 15 наурыз күні Бірлік ауылдық кітапханасы мен клуб үйінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени — тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Әлем — ВООК» жобасы аясында, жазушы Ілияс Жансүгіровтың туылғанына 130 жыл толуына орай «Құлагер» поэмасынан талдау өткізілді. Мақсаты: Жансүгіров шығармашылығын дәріптеу.«Құлагер» поэмасын талдай отырып, құндылығын насихаттау арқылы, әдебиетті сүюге, шығармадағы ақын шеберлігіне, ақындық сезіміне үңіле білуге, ғылым мен технология дамыған мына заманда, әдебиеттің, соның ішінде Ілиястай тұлғалардың сыршыл шығармаларының құндылығын жоғалтпайтынын түсіндіру. Іс-шара барысында «Жыр құлагері – Ілияс» атты тақырыпта слайд арқылы ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар берілді. «Гималай», «Дала», «Күй», атты поэмаларынан үзінділер оқылды. Кітапханашы К.Сұлтанбаева «Ақан Серінің өмірі, адами болмысы, тұлпары Құлагердің тағдыры турасында баяндалған «Құлагер» поэмасының негізгі идеясы — ақынға деген халық құрметін, махаббатын көрсету. Қатал заманда шеккен қасіреті мен қорлығын жеткізу» екенін атап өтті. Шара соңында шығарма кейіпкерлеріне сипаттама жасалып, «Құлагер трагедиясы – Ақан трагедиясы атты пікір алмасуға ұласты