«Мен бәрінен де көп оқимын!» атты кітап оқу

27.03.2024 Выкл. Автор editor
«Мен бәрінен де көп оқимын!» атты кітап оқу

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен наурыз айының 27-сі күні «Балалыққа кітаппен барар жол» жобасы аясында  «Мен бәрінен де көп оқимын!» атты сыныппен бірге кітап оқу өткізілді.      Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету. Оқушыларды әдеби кітаптарды оқуға насихаттау арқылы олардың кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру. Ертегілер арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, маңызын ашу.

Шара барысында кітапханашы ашық кітап қорымен таныстырып, оқушылар ертегі  кітаптар  оқып, бір-бірімен өзара ой бөлісіп,  өздеріне ұнаған кейіпкерлер жайлы әңгіме қозғады.