«Менің атым Қожа» повесінен оқырмандар конференциясы

27.03.2024 Выкл. Автор editor
«Менің атым Қожа» повесінен оқырмандар конференциясы

Түгіскен ауылдық кітапханасында 27 наурыз күні клуб, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап акциясына орай «Әлем — Book» жобасы аясында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінен оқырмандар конференциясы өтті. Мақсаты: Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолымен таныстыру. Шығармадағы негізгі ойды, идеяны ұғындыру, ізденуге,оқуға талпындыру. Кітап оқу арқылы оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашы А.Көшербаев жүргізіп, балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат бере отырып, «Өзгеше ойлы қаламгер» тақырыбында жасалған кітап көрмесімен таныстырды. Шараға Ә.Әбутәліпов атындағы №209 орта мектептің 7а сынып оқушылары мен ұстаздары, клуб үйінің қызметкерлері қатысты. Оқушылар кітапханашы қойған сұрақтарға жарыса жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.