«Жауынгердің тұлғасы»

13.02.2020 Выкл. Автор admin
«Жауынгердің тұлғасы»

Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 13 ақпан күні  Коворкинг орталығында жазушы Б.Момышұлының 110 жылдығына орай «Жауынгердің тұлғасы» атты тақырыптық кеш өткізілді.

Мақсаты: Бауыржан Момышұлы өмірімен, ерлік жолдарымен, кітаптарымен, естеліктерімен таныстыра отырып, елін, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

Шара барысында кітапханашы мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығының оқушыларына  жазушы туралы деректер келтіріп, жазушының өмірі мен шығармаларынан үзінділер оқып берді. Кеш «Катюша» биімен аяқтады.