Өнерлі отбасылар арасында өнер фестивалі
15.05.20192019 жылы 15 мамыр күні Төменарық ауылдық клуб үйі мен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен өнерлі отбасылар арасында өнер фестивалін өткізілді.
Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру.
Шараға Төменарық, Қожамберді, Жайылма, Сүттіқұдық ауылдық өнерлі отбасылары өз өнерлерін көрсетті. Отбасы – шағын мемлекет, қоғамның негізі болып табылады. Өйткені мемлекетіміздің дамуына өркендеп өсіп – өнуіне үлес қосатын болашақ негізі әр отбасының жемісі. Кеш соңында әр өнерпаздарымыз алғыс хаттармен сыйлықтармен марапатталды.