«Жаңғырудың жаңа талаптары»
24.01.202024 қаңтар күні Бірлік ауылдық кітапханасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттауға арналған «Жаңғырудың жаңа талаптары» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Мақсаты: Мемлекет басшысының жаңа саяси бағыттағы Жолдауымен таныстыру.
Шараға ауыл әкімі Ә.Мусаев, мәдениет саласының қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты. Аталмыш тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды. «Ел мүддесімен ұштасқан жолдау» атты тақырыпта слайд арқылы «Жолдаудың 5 негізгі басымдығы», «Маңызды кешенді 3 міндет» айқын көрсетіліп, әр тармаққа шолу жасалды.Ауыл әкімі Ә.Мұсаев жолдауда айтылған маңызды мәселелерге, атап айтатын болсақ тіл мәртебесі, жер мәселесі, ысырапшылдыққа жол бермеу, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңдері жайлы ақпарат берді. Әңгіме өзегі Жолдаудағы міндеттерді тиімді жүзеге асыру жолдары төңірегінде өрбіп, мемлекет басшысының талаптарын жүзеге асыруға үлес қосу — әр азаматтың парызы екені атап айтылды.