‘Өз өлкеңді танып біл» атты ақпараттық сағат
23.08.2022Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 23 тамыз күні «Дарыны өскен, даңқты өлкем — Бірлігім» атты жоба аясында ‘Өз өлкеңді танып біл» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Шара барысында «Туған жер – алтын бесігім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл өлкетану көрмесінің мақсаты: Өскелең ұрпақты туған жерін сүюге баули отырып,туған ауыл туралы білімдерін қалытастыру, тарихымен таныстыру, жергілікті ақын-жазушылармен, белгілі тұлғалармен таныстыру, өлкемізге деген махаббаттарын ояту болды.
Көрмеге жергілікті ақын жазушыларымыздың кітаптары жинақталып қойылды. Кітап көрмесі қасында сұхбат жүргізілді. Өңірде туып, туған жерден, топырақтан нәр алып, туған жердің абыройын асқақтатып жүрген белді ел азаматтарымыз жетерлік. Түрлі додаларда елдің намысын қорғап, көк туымызды асқақтатып жүрген спортшыларымыз да аз емес. Елге еңбегі сіңген азаматтар бір-кітап, бір-аңыз. Сондықтан «Қуат алып ғасырдан, Бірлік даңқын асырған» азаматтарымыздың бірі-бірегейіне тоқтала келе, тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, орасан күш иесінің өмірі жайлы деректермен таныстыру мақсатында Серік Абдрахманов туралы жазылған «Ізгілікке толы жүрек» атты естелік-эссе кітабына шолу жасалды. Осындай құнды деректермен танысу әрбір жастың танымын кеңейтіп, тұлға болы қалыптасуына ықпалын тигізетіні даусыз.