«Қазақ әдебиетінің классигі» кітап көрмесі

05.02.2020 Выкл. Автор admin
«Қазақ әдебиетінің классигі» кітап көрмесі

Түгіскен ауылдық кітапханасында 2020 жылдың 5 ақпан күні жазушы Мұхтар Мағауиннің 80 жасқа толуына орай «Қазақ әдебиетінің классигі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Шараның мақсаты: Жазушы, қазақ әдебиетін зерттеуші, ғалым  М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Шара барысында кітапханашы А.Көшербаев оқырмандарға кітап көрмесімен таныстырып, жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет берді. М.Мағауин – алғашқы шығармаларымен-ақ әдеби қауым мен оқырман жұртшылықтың назарын өзіне аудара білген қаламгер. Қазақ прозасында көркемдік құбылыс болып табылған шығармалары «Тазының өлімі», «Қара қыз», «Көкбалақ», «Бір атаның балалары» атты повестері оқырман қауымының ерекше ықыласына бөленген. М.Мағауин ана тіліміздің байлығын, оралымды, астарлы, әрі от-жалынды, әрі нәзік те биязы бояу-сырларын алғашқы адымдарынан бастап-ақ көрсетеді. Жазушының қазіргі әдебиет тарихында белгілі орынға ие екендігін байқауға болады. Көрмеге жазушының «Шақан Шері», «Көкбалақ», «Тазының өлімі», «Қазақ тарихының әліппесі» энциклопедия мен журналдар қойылды.