«Парасат жолы»
25.02.2021Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің бастауымен «Адалдық алаңы» жобасы құрылып, аталған жоба жұмыстарын ілгерілету үшін республикалық, облыстық, аудандық, ауылдық кітапханалар жанынан «Парасат жолы» орталықтары ашылуда. Осы игі бастама аясында Жаңақорған аудандық орталық кітапханасы жанынан ақпан айының 25-і күні «Парасат жолы» орталығы ашылды.
Орталықтың ашылу мақсаты — ғылыми, шығармашылық интеллегенция және дін өкілдерімен бірлесіп, адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай — ақ мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету. Бұл орталық шығармашылық зиялы қауым, мемлекеттік және қоғамдық ұйым өкілдерінің, жастардың кездесулері үшін диалог алаңына айналатын болады.
Орталықтың ашылу сәтіне аудандық ішкі саясат бөлімінен, мәдениет,білім,денсаулық саласынан және үкіметтік емес ұйым, дін өкілдері және ақын, ардагерлер, ауданның Құрметті азаматтары қатысып, орталық жұмысын алға апару үшін өз ойларын ортаға салды.