«Қыз тәрбиесі –ұлт болашағы»
17.03.20212021 жылдың 17 наурызы күні Сунақата ауылдық кітапханасы «Қыз тәрбиесі –ұлт болашағы» атты айдармен тәрбиелік кеш өткізді.
Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің ұлттық тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол білімді, жан-жақты жетілген қыз тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы Р.Сәдірбаева қыз тәрбиесіне тек ата-анасы ғана жауапты емес, бүкіл ел қоғам жауапты екеніне кеңінен тоқталды.
Сунақата ауылдық жанұялық емхананың акушері М.Қалымбетова қыздардың жеке бас гигиенасын сақтау, тазалық, қыз болашақ ана екендіктері жөнінде мағлұмат берді.
Тақырып бойынша 11-ші сынып оқушысы Анарбекқызы Тоғжан, Мәди Дариға ойларында жүрген сұрақтарын қойды.
Кеш соңы клуб қызметкері М.Бөкешовтың әсем әнімен түйінделді.