«Үш кемеңгер дүлдүлім, сақтаған ел бірлігін»
28.04.20212021 жылдың 28 сәуір күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен кітапханадағы «Парасат жолы» орталығында əділдік, парасаттылық қағидаттарын жəне дала данышпандары Төле би, Қазыбек би, Əйтеке билердің дана сөздерін арқау еткен «Үш кемеңгер дүлдүлім, сақтаған ел бірлігін» атты адалдық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан дана ойшыл, туралығын айтар шешен бабаларымыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттерін даналығы мен жеке қасиеттерін үлгі тұту арқылы адалдыққа, ізгілікке, адамгершілікке, елжандылыққа, туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, елінің адал перзенті болуға тəрбиелеу.
Шара барысында қатысушылар дана бабаларымыздың тұлғалық қасиеттерімен, ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, ақиқатты ту етіп көтеруі, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі сынды тұлғалық қасиеттері жайлы ой өрбітті. Кітапханашы слайд арқылы «Қазақ елінің үш данышпаны» — атты шолу жасады. Əділдікті, адалдықты ең басты құндылық ретінде ұстанған билеріміздің əрбір сөзі тəрбиелік мəні зор адамгершіліктің алтын қоймасы іспеттес. Əр істе ұятты ұмытпауға, жаман қасиеттерден алшақ болуға, еңбексүйгіштікке үндейді, жағымсыз қасиеттерден сақтандырады