«Домбыра – дастан, домбыра — күй»
02.07.2021
Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 2 шілде күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Парасат жолы орталығында» 4 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – дастан, домбыра — күй» тақырыбында онлайн бейнеролик жасалды.
Мақсаты: Қазақтың ұлттық аспабы домбыраның тарихы туралы мәлімет бере отырып, көпшілікке кеңінен насихаттау, төл өнерімізді, қасиетті домбыраның қазақ елі үшін маңыздылығын түсіндіру.
Елбасы Н.Назарбаевтың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі — Ұлттық домбыра күні болып жарияланды. Жыл сайын атап өтілетін бұл мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі салмақты болмақ. Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым! Қазақтың әр үйінің төрінде ілулі тұратын киелі ұлттық аспабымыз. Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттың музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Домбыраның құдіреті – күйінде, қос ішектен төгілген үнінде. Бейнероликте қазақтың қасиетті домбырасын елімізде ғана емес, әлемге танытқан тұлғалардың бірқатары туралы мәліметтер берілді. Атап айтар болсақ Әміре Қашаубаев тұңғыш рет Еуропада қазақ әнін шырқап, домбыраны күмбірлеткен өнер адамы ретінде тарихта қалды. Сондай – ақ Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Ұзақ, Түркеш, Есжан, Байжұма сынды күйшілер, қазақтың біртуар композиторы Нұрғиса Тілендиевтер жайлы мәліметтер берілді.