«Семей полигоны – қазақ қасіреті» атты онлайн бейнеролик

20.08.2021 Выкл. Автор admin
«Семей полигоны – қазақ қасіреті» атты онлайн бейнеролик

20 тамыз күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасы Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай «Семей полигоны – қазақ қасіреті» атты онлайн бейнеролик ұсынылды.

Мақсаты: Оқырмандарға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру. Қоршаған ортаның ластануы адамзат үшін қауіпті екенін айта отырып, келешекте адамзаттың тағдыры өз қолдарында екенін түсіндіру.

Бейнероликте Семей полигонының шығу тарихынан қазіргі таңға дейінгі зардаптары мен  қасіреттері айтылды. 1949 жылдан бастау алған ядролық сынақтар адамзат үшін өшпес дақ ретінде қалды.  Әрбір ядролық сынақтың адам өміріне, табиғатына, қоршаған ортаға деген зиянын бейнеролик арқылы көрсете білді. Бейнероликте көрсетілген суреттер сол жылдардағы ауыртпалықты суреттейді.