«Қазақ прозасының шебері» атты кітап көрмесі
15.09.2021
15 қыркүйек күні Жаңақорған аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы Сайын Мұратбековтың 85 жылдығына орай «Қазақ прозасының шебері» атты кітап көрмесін әлеуметтік желіге ұсынды. Мақсаты: жазушының өмірі, шығармашылық жолы жайлы оқырмандарды кеңірек таныстыру. Оқырмандарды ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.
С.Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесінде шығармалары мен мақалалары ұсынылды. «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Көкорай», «Отау үй», «Жабайы алма», «Дос іздеп жүрмін», «Өліара» шығармалары арқылы қалың көпшілікке танылып, проза саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қарымды қаламгер Сайын Мұратбеков еңбектерімен оқырмандарды таныстырып, жазушының шығармалары туралы ақпарат берілді.
