«Тәуелсіз. Бейбіт. Мәңгі» атты жас ақындар мүшәйрасы
26.11.202126 қараша күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз. Бейбіт. Мәңгі» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Мақсаты: Тәуелсіздік тарихын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық рухын асқақтату, патриоттық сезімін ояту. Жас қаламгерлерге қолдау көрсету, шеберліктерін шыңдау, олардың туындыларын оқырмандар арасында насихаттау.
Осындай ұлы мерекеге арналған жас ақындар мүшәйрасына қаламының желі бар 16 жасқа дейінгі жас ақындар, ақын Мұстафаев Ерсұлтан, Әлем Халықтары Жазушылары, Халықаралық «Дүние таланттары» Одағы, Қырғыз ақын-жазушылары және Орта Азияның «Янги Овоз» Әдебиетшілер мен тарихшылары Қауымдастығының мүшесі Оспанов Мадияр, сондай-ақ кітапхана директоры А.Тилеубергенова және кітапханашылар қатысты.
Қазылар алқасы мүшәйраға түскен шығармаларды саралай келе мына төмендегі авторларды жүлделі орындарға лайық деп тапты. Айта кетер бір жайт, қазылар алқасының мүшелері тәуелсіздікті жырлау, еліміздің жеткен жетістіктерін жарқырата көрсеткен шығармаларды басты назарға алды. Осы мақсатқа табан тіреген қазылар алқасы мына төмендегі ақындарды мүшәйра жүлдесіне лайық деп тапты. №55 орта мектептің 8 сынып оқушысы Асылжан Нысанбек — Үшінші орын, ал екінші орын – №125 орта мектептің 11 сынып оқушысы Сабыр Шұғыла мен №223 жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушылары ие болды. Ал бірінші орынды Тәуелсіздікке арнап өлең жолдарын арнаған №163 орта мектептің 10 сынып оқушысы Мәулен Әсел иеленді. Бас жүлдені №242 орта мектептің 9 сынып оқушысы Жасымбай Айаруға берілді. Шара соңында үздік деп танылғандарға бағалы сыйлықтар, дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.