«Ұлтымыздың ұлт ұстазы» атты танымдық сағат
23.02.2022
2022 жылы 23 ақпан күні Еңбек ауылдық кітапханасында «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында ағартушы, ақын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлтымыздың ұлт ұстазы» атты танымдық сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқырманға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстырып, еңбектері жайлы мәлімет беру. Жас өспірімдерді ақын өмірін үлгі етіп, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы “Алаштың ардақ тұтар азаматы” атты кітап көрмесіне шолу жасап, ақынның өмірбаяны, шығармашылығымен атқарған еңбектері жайлы айтып, Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері кітапхана оқырмандарына кеңінен насихатталып, «Әдебиет танытқыш» атты кітабын оқуға ұсынды. № 242 мектеп оқушысы Ж.Шүкірбай «Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы» атты өлеңін оқыды.