«Ұлпан» повесінен оқырмандар конференциясы

30.03.2022 Выкл. Автор editor
«Ұлпан» повесінен оқырмандар конференциясы

2022 жылдың 30 наурыз айында Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің негізін салушы, халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орай жазушының өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ұлпан» повесінен оқырмандар конференциясы өткізілді. Бұл романда ескі салт- дәстүр мен әдет-ғұрыпқа қарсы шығып ел басқару дәрежесіне дейін көтерілген қазақ әйелінің тағдыры шынайы бейнеленген.

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Ғабит Мүсірепов артына мол әдеби мұра калдырды. Шарада 9сынып оқушысы Акбар Ұлжан ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Одан әрі оқушылар «Ұлпан» повесінен талдау жасады. Шығарманың тақырыбы – ХІХ ғасырда қазақ даласында болған шындықтар бейнеленген. Шығарманың идеясы жайлы, яғни қазақ әйелдерінің бойындағы парасаттылық пен көрегенділікті, ұрпақ тәрбиесін бекем ұстаған кейіпкер «Ұлпан» жайлы 9сынып оқушысы Асан Сүйрік, Шығарманың байланысуы «Ескі доспен кездесу» жайлы Г.Оңалбекова, «Ел ісіне араласқан — Ұлпан» жайлы Серік Ерасыл, шығарманың «Шиеленісуі – Ұлпанның шешімі» жайлы А.Нұранова, «Шарықтау шегі – Біжікеннің ақырғы сөзі» жайлы Әмзе Айару талдау жасады. Шара соңында кітапханашы Н.Есіркепова «Кемеңгер жазушы» атты кітап көрмесімен оқушыларды таныстырды.