«Махаббат деп түсінді мына әлемді» атты талантты лирик-ақынның рухымен сырласу

30.03.2022 Выкл. Автор editor
«Махаббат деп түсінді мына әлемді» атты талантты лирик-ақынның рухымен сырласу

2022 жылдың  30 наурыз күні  №1 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, Жазушылар Одағының мүшесі  Жүсіп Қыдыровтың 85 жыл толуына орай «Махаббат деп түсінді мына әлемді» атты талантты лирик-ақынның рухымен сырласу өтті.

Мақсаты: Оқушыларға жергілікті ақынның өмірінен мағлұмат беру, өлеңдерін мәнерлеп оқу, шығармаларын  жас ұрпаққа насихаттау, жазушының өмір жолы арқылы оқырмандарды баулу, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін құрметтеу.

Ж.Қыдыровтың  өлеңдері  адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей  бейнелеп көрсетеді. Ақынның шеберліктің шырқау шыңына өрмелеген шын шайыр шығармаларының өз оқырманын бейжай қалдырмайтыны сөзсіз. Ж.Қыдыров-сегіз қырлы, бір сырлы талант. Оның әрбір кітабы оқырманның жүрегін жаулары анық. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары ақынның өмір жолы, шығармалары мен кітаптарымен танысты. Кітапқа жаны құмар Асылхан Балнұр «Ару көктем» атты   өлеңін мәнерлеп оқып берді. Сонымен қатар кітаптары таныстырылды. Онда «Ақ боз атты ақын», «Жайсаң жаз», «Мың бір күн», «Салтанатым, шеруім», «Жанартау жүрек» атты кітаптары қойылды.