«Поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз» атты  жыр кеші

24.06.2022 Выкл. Автор editor
«Поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз» атты  жыр кеші

24 маусым күні  №51 М.Қаратаев атындағы мектептің оқушылары мен мектеп кітапханашысы Қ.Нарзілдаева мен кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаеваның  қатысуымен мектеп кітапханасында  ақын, Алаш қозғалысының қайраткері М.Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз» атты  жыр кеші өткізілді.

Мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы, поэзия әлеміндегі алатын орны, ақынның қуатты өлеңдері арқылы балалардың жүрегіне от беретін үнді әуен қалдыру.

Шараны кітапханашы Ж.Тулешова жүргізіп, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен таныстырды. Ақын өлеңдерінен кітапхананың «Жауқазын» жас кітап сүюшілер клубының мүшелері С.Ғабитқызы «Жан сөзі», Қ. Ғабитқызы «Сүйемін», Ж.Бақытқызы «Туған жер», Ж.Айтмағамбет «Төбет», Қ.Абусейіт «Заманымыздың ақыны» атты жырларын мәнерлеп оқып берді.  Кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаева «Мағжан — ұлтымыздың мақтанышы. Поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Мағжан ақынның  артына қалдырған мұрасы ешқашан өшпек емес» деп шараны қорытындылады.