Манап Көкеновтің туылғанына биыл 95 жыл
17.05.2023
17 мамыр күні жүз жылда бір туатын, дәуірдің дарабоз тұлғасы, суырып салма ақындық дәстүрді жалғастырушы, өзіндік ою-өрнегімен байытушы тарлан талант иесі – Манап Көкеновтің туылғанына биыл 95 жыл.
Осы орайда, аудандық балалар кітапханасымен №163 орта мектеп кітапханасының бірлесуімен “Айтыстың актаңгері” атты әдеби кеші өткізілді.
Мақсаты: Манап Көкеновтың шығармалары, ақындық қасиетін өскелең ұрпаққа таныту.
Шара барысында кітапханашы ақынның өмірімен, шығармашылығына мағлұматтар берді. Оқушылар ақынның “Отаным – менің мақтанышым”, “Қазақстан”, “Ана тіл – күшің, қуатың”, “Асыл адам”, “Еңбек тойы” атты өлеңдері оқылып, “Анамның тілі”, “Бақыт құшағында” атты әндері мен күйлері орындалды. Сондай-ақ оқушылар орыстың суырып салма ақыны А.В. Урин мен М.Көкеновтің айтысынан үзінді көрсетті.
Аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы М.Бибасарова “Манап ақынның мұрасы” атты көрмесіне библиографиялық шолу жасады.