Кітап – адамзаттың жақын досы

02.04.2024 Выкл. Автор editor
Кітап – адамзаттың жақын  досы

2 сәуір күні А.Сопыбеков атындағы аудандық кітапхананың балалар бөлімінің  ұйымдастыруымен  «Шаңырақ» аллеясында «Адал адам»  мәдени-тәрбие  орталығы  тұжырымдамасының «Әлем-ВООК» жобасы аясында  2 сәуір – «Халықаралық балалар  кітабы  күніне» орай  «Кітап – адамзаттың жақын  досы» атты кітаптар шеруіне арналған  мерекелік шара  өтті. Оқушыларды кітаптарды құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын  арттыруға бағытталған танымдық шараға түрлі сала ардагерлері, кітапханашылар, жастар мен мектеп оқушылары қатыстырылды. Аудан  әкімінің орынбасары Б.Нуридинов шараның маңыздылығына тоқтала келе, шараның құрметті қонақтары Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, балалар ақыны Адырбек Сопыбековтің жары Шарипа анамыз бен балалар ақыны Оразбай Қосанов ағамызға құрмет – қошемет білдірді. Шара барысында аудан кітапханалары бойынша «Ең үздік оқырман» деп сараланған бір топ жас оқырмандарымызға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының Алғыс хаттары табыс етілді. Кітаптар шеруі ұйымдастырылып, «Зерек» негізгі орта мектебі мен «Дарын-Shcool» мектебінің  оқушылары тарапынан дайындалған бағдарлама көпшілік назарына ұсынылып, тақырыптық әндер орындалып, жергілікті ақын-жазушылардың кітапқа арналған өлеңдерінен үзінділер оқылды. «Кітап оқимыз балақай»  атты  инсталяциялық кітап көрмесі жасалды.