«Тәуелсіздік ел бақыты» әдеби ринг

13.12.2019 Выкл. Автор admin
«Тәуелсіздік ел бақыты» әдеби ринг

 Жаңақорған аудандық балалар кітапханасында 2019 жылдың  13 желтоқсан күні аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік орталығымен бірлесе отырып, 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күніне орай  Коворкинг орталығында «Тәуелсіздік ел бақыты» атты әдеби ринг өткізілді.

Мақсаты: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге,  патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Кітапханашы Ж.Тайымбетова шараны жүргізді. Шараны тәрбие орталығының білім бөлімі орынбасары М.Әуелбеков ашып, көпшілікті мерекемен құттықтады. Екі топқа бөлінген «Тәуелсіздік» тобы мен «Тапқыр қыздар» тобы бақ сынасып, отан туралы, тәуелсіз ел туралы өлеңдерді жатқа айту, мақал-мәтелдерден жарыс, сурет сайысы, ән салу сынды тапсырмалардан сүрінбей өтті. Шараны кітапхана меңгерушісі М.Айымбетова қорытындылады.