«Рухани жаңғыру – ұлт болашағы»

12.02.2020 Выкл. Автор admin
«Рухани жаңғыру – ұлт болашағы»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында  Машбек Нәлібаев ауылдық кітапханасында 12 ақпан күні «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» атты шолу сағаты ұйымдастырылды.

Шара барысында ұйымдастырушылар  Елбасы мақаласын насихаттап, тереңірек түсіндіріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, оқырмандарға мемлекетімізді өркендетіп, білімді ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек етуге шақырды. Шара барысында Елбасы мақаласы әр тараулары бойынша түсіндіріліп, мазмұнды өтті.

Кітапханашы  «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалада жарияланғандай әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады.  Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тілді білген адам ештеңеден ұтылмайды. » деп қорытындылады.