«Егеменді болмай — ел болмас, Тәуелсіз болмай — жер болмас»

11.12.2020 Выкл. Автор admin
«Егеменді болмай — ел болмас, Тәуелсіз болмай — жер болмас»

№2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен  16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Егеменді болмай — ел болмас, Тәуелсіз болмай — жер болмас» атты тақырыпта әлеуметтік желіге бейнеролик жарияланды.

Мақсаты:  Оқырмандарға еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Тәуелсіздік — Желтоқсанның жемісі, Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіндіру.

Еліміздің тәуелсіздік алуы —  халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол-баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.

Бейнероликте 1986 жылы еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар Алматы алаңына алдына мақсат қойып шыққанын, желтоқсан құрбандары ерлігі көрсетілді. Сондай-ақ 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланғандығы баяндалған.