«Сенің сүйікті ертегің»

02.04.2021 Выкл. Автор admin
«Сенің сүйікті ертегің»

Жаңарық ауылдық кітапханасында 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Сенің сүйікті ертегің» атты әңгіме сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырманға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

Әңгіме сағатын кітапханашы Р.Мырзабаева ашып,  Кітап – рухани сарқылмас қазынамыз екендігін, көп оқыған адамның дүниетанымының  кеңейетіндігін, кітаптың адам өміріндегі маңызының жоғарылығына тоқталып, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын, белсенділіктерін  ояту барысында «Ой толғау» сайысы өткізіліп, өлеңдер, әндер айтылды.