«Тұғыры биік тұлға» атты кітап көрмесі

26.11.2021 Выкл. Автор admin
«Тұғыры биік тұлға» атты кітап көрмесі

Жаңақорған аудандық кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Манап Көкенов атындағы мәдениет үйінің фоейесінде Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің запастағы полковнигі, ақын-жазушы Базарбай Исаевтың туылғанына 80 жыл толуына орай «Тұғыры биік тұлға» атты кітап көрмесіне, ақынның жұбайы, ұл-қыздары, ағайын-туыстары, дос-жараны, қаламдастары, кітапсүйер қауым жиналды.

Көрменің мақсаты: Келер ұрпаққа  жазушының жүріп өткен жолымен таныстырып, шығармашылық жетістіктері жайлы насихаттау.

Көрмеге жазушының суреттері, медальдары, марапаттары және «Бәсеке дәурен», «Тарих туралы толғау», «Тергеуші», «Мөлдір», «Егемен елге еге-мен», «Қиқулап ұшқан құс-жылдар», «Сезім селі», «Қауышу мен қоштасу», «Тұңғиық»,атты кітаптары қойылды. Ақынның «Наджибулла» кітабында 15 жасар сүйікті немересі Наджибулла  қапияда қайғылы қазаға ұшырап, сол кезде қабырғасы қайысып, қан жұтқан ақынның жан айқайын жүрекпен оқыған жанға, еріксіз көзге жас алдырады.

Өлкемізде 80 жылдық еске алу шарасы ұйымдастырылған ақын-жазушымыздың  асыл жары Күлән Байшаханқызы, ақынның қарындасы  Саруарова Қыздығой апа, сондай ақынның ұрпақтары  көрмені тамашалап, естелік суретке түсті, жазушы жайлы толғаныстар, әдемі естеліктер мен әсерлі әңгімелерге жалғасты.