«Мен едім от жүректі Қасым ағаң!» атты әдеби танымдық кеш

08.10.2021 Выкл. Автор admin
«Мен едім от жүректі Қасым ағаң!» атты әдеби танымдық кеш

2021 жылы 8 қазан   күні  №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен №56 орта мектептің кітапханасында Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай, «Мен едім от жүректі Қасым ағаң!» атты тақырыпта әдеби танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқушыларды патриоттыққа, адалдыққа, адамгершілікке баулу. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы оны болашақ ұрпақтың бойына сіңіру.

Мен қазақтың баласы! –деп жырлаған Қасым Аманжолов биыл торқалы 110 жасқа толып отыр. Егемен елдің қатарына жетіп, ұжымды ұлт, іргелі мемлекет болған кезімізде, бүкіл ғалам да танитын дәрежеге жеттік. Қасымды-Қасымымызды танып алып қана мына тәкәппар дүниеге қазағымызды танытатын боламыз дей келе кітапханашы Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала кетті. Ақынның  «Дауыл» өлеңін Хани Балауса, «Аспанымды бұлт торлап» өлеңін Ержан Алдияр, «Достар, қайда жүрсіңдер» өлеңін Сұлтан Фатих, «Үстімде сұр шинелім» өлеңін Әбдімәлік Ерасыл, «Абай арманы» өлеңін Бектемір Қымбат мәнерлеп жатқа айтты.Оқушылар Қасым Аманжолов жайлы мол мағлұмат алды. Сөз соңында қазақ тілі пәні мұғалімі Сәмидинова Ләззәт апай кешті қорытындылады.