Көшпелі-семинар

27.05.2019 Выкл. Автор admin
Көшпелі-семинар

2019 жылдың 27 мамыр күні №1 кенттік кітапхана базасында аудандық және ауылдық кітапханалардың кітапханашыларының қатысуымен көшпелі-семинар өтті. Шараның мақсаты кітапханашылар арасында бір-бірімен іс-тәжірбие алмасу.

Шара барысында аудандық кітапхананың директоры А.Тилеубергенова кітапханалардың өзекті мәселелерін, және «Рухани қазына- 2019» Республикалық фестивалға қатысып қайтқандығы жөнінде сөз қозғады.

Аудандық кітапхананың әдістеме-библиографиялық бөлімінің әдіскері К.Ахметжанова әр тоқсан сайын өткізіліп жатқан көшпелі семинарлардың өз дәрежесінде өткізіліп жатқандығы жайлы айтса, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі М.Алжанова, кітап қорын жіктеу бөлімінің меңгерушісі Б.Ахметовалар өткізілген семинарға қанағаттанарлық деген баға берді. Сунақата ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сәдірбаева, Байкенже ауылдық кітапханасының кітапханашысы Н.Сарсеновалар өз ұсыныстарын айтып семинардың өз дәрежесінеде өткендігін тілге тиек етті.

Шара соңында Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясына орай ақын Ә.Тәжібаевтың 110 жылдығына «Сырдың сыршыл ақыны» атты поэзия кеші ұйымдастырылып, кітапханашы «Жыл кітабын бірге оқиық» атты кітап көрмесімен кеш қонақтарына таныстырды. Шараны Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әзіл – сықақ және деректі бірнеше кітаптардың  авторы   Н.Елтай кешті ашып, ақын туралы естеліктер айтып, автор кітапханаға бірнеше кітапбын сыйға тартты. Оқушылар ақынның «Қыз бен солдат» атты шығармасынан қойылым қойып, ақын сөзіне жазылған әндерді клуб өнерпаздары көпшілік назарына ұсынды. Кеш қонағы «Жаңақорған тынысы» газетінің ардагер тілші Е. Қалдыбек ақын жайлы естеліктерімен бөлісті.