«Әйел ұлттың айнасы»

05.03.2021 Выкл. Автор admin
«Әйел ұлттың айнасы»

5 наурыз күні  Жаңақорған аудандық орталық кітапханасы көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып жеткен   әйелдер мерекесіне орай «Әйел ұлттың айнасы» атты  онлайн әдеби кеш ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқырмандарға  ана жайлы тамаша әндер арқылы аруларды мерекелерімен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Осы аталмыш мерекеге орай кітапхананың тұрақты оқырмандары   аналар мен аруларға арнап  ақын-жазушылардың әсем әндерін орындап,  жүрек жарды  жылы тілектерін жеткізді.

Кеш барысында осы мерекенің тарихынан бастау алып, бүгінгі күнге әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі мен алатын орны жайлы журналдар мен  әдебиеттерден «Әйел-от анасы, қоғам берекесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.