«Жазушы мұрасы сыр шертеді» атты кітап көрмесіне шолу

14.10.2021 Выкл. Автор admin
«Жазушы мұрасы сыр шертеді» атты кітап көрмесіне шолу

Қожакент ауылдық кітапханасының оқу залында  кітапханашы А.Рустемованың ұйымдастыруымен  қазақ әдебиетінің классик жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Сайын Мұратбековтың  туғанына  85 жыл толуына  орай « Жазушы мұрасы сыр шертеді» атты кітап көрмесіне шолу жасалып,  «Сайын Мұратбеков — қазақ  әңгімесінің  қас шебері» атты әдеби кеш өтті. Оған И.Әбдікәрімов атындағы  № 168 жалпы орта мектебінің  10 сынып оқушылары  қатысты.  Кеш барысында жазушының «Менің қарындасым» , «Жусан иісі», «Жабайы алма» атты шығармаларына тоқталып, оқырмандар  шығарма жайында  өз ойларын ортаға салды.

Іс-шараның мақсаты: Жазушы Сайын Мұратбековтың  шығармашылығы жайлы  ақпарат беру, жастарды кітап оқуға баулу.